Об утверждении минимального размера взносов на управление объектом кондоминиума по городу Балхаш и поселку Саяк на 2026 год Қолданыста
Басқа 0
2026 жылға Балқаш қаласы және Саяқ кенті бойынша кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен
мөлшерін бекіту туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі баскару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 «Кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20284 тіркелген) бұйрығына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2026 жылға арналған Балқаш қаласы мен Саяқ кенті бойынша кондоминиум объектісін басқаруға ең төменгі жарналар мөлшері бір шаршы метрге айына 0,016756 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.