Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы в дошкольных организациях города Астаны на 2026 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында 2026 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 7-1) тармақшасына, 62-бабының 6-тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында 2026 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е. Б. Байкенге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында 2026 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Астана қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 26 желтоқсан № 107-5049 қаулысына қосымша Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында 2026 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері Р/с№ Мек­теп­ке дей­ін­гі тәр­бие және оқы­ту ұй­ым­да­рын­да­ғы тәр­би­е­ле­ну­ші­лер­дің са­ны Мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар­да бір тәр­би­е­ле­ну­ші­ге ай­ы­на жұм­са­ла­тын шы­ғы­стар­дың ор­та­ша құ­ны (тең­ге) Бір тәр­би­е­ле­ну­ші­ге бір ай­ға ата-ана тө­ле­ма­қы­сы­ның мөл­ше­рі (тең­ге) (5, 6, 7 - ба­ған­дар­да көр­се­ті­л­ген тәр­би­е­ле­ну­ші­лер­ді қо­с­па­ған­да) Мем­ле­кет­тік мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым Же­ке мен­шік мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым Ша­ғын ор­та­лық Са­на­то ри­я­лық мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар 1. Жал­пы бі­лім бе­ре­тін мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­да­ғы тү­зе­ту және ин­клю­зив­ті топ­тар. 2. Тү­зе­ту (ар­найы) мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар Мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­да­ғы жал­пы бі­лім бе­ре­тін топ­тар және то­лық күн бо­ла­тын ша­ғын ор­та­лық­тар Жар­ты күн бо­ла­тын ша­ғын ор­та­лық Са­на­то ри­я­лық мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар 1. Жал­пы бі­лім бе­ре­тін мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­да­ғы ар­найы және ин­клю­зив­ті топ­тар. 2. Ар­найы мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар Мем­ле­кет­тік, же­ке­мен­шік мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым және то­лық күн бо­ла­тын ша­ғын ор­та­лық то­лық күн бо­ла­тын жар­ты күн бо­ла­тын 3 жас­қа дей­ін 3 пен 6 жас ара­лы­ғын­да 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 1. 25 757 49 786 1 019 4 593 340 2 369 58 343 25 916 86 250 103 249 19 700 20 800