Об утвержении тарифов на оказание специальных социальных услуг на 2026 год Қолданыста
Басқа 0
2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының әлеуметтік Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген), Темір ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Темір аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Темір ауданы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Бір қызметті алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер тарифі
Темір ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 339 қаулысына қосымша
Бір қызметті алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер тарифі
№
Мекемелердің түрлері
Күніне 1 қызмет алушының тарифі
(теңге)
1
2
5
1
Үйде қызмет көрсету
4288,60