Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг на 2026 год по городу Астане Қолданыста
Басқа 0
Астана қаласында 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тарифтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексі 142-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 1-тармағының 17-1) тармақшасына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Астана қаласында 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тарифтері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекемелер бойынша күніне бір қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тарифі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес;
Тармақша 2
2) үкіметтік емес сектор арналған күніне бір қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тарифі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.С. Мейрханға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Мемлекеттік мекемелер бойынша күніне бір қызмет алушыға
арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тарифі
Астана қаласы әкімдігінің
2025 жылғы «___» _____
№ ________ қаулысына
1-қосымша
Мемлекеттік мекемелер бойынша күніне бір қызмет алушыға
арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тарифі
Р/с №
Ұйымның түрі
Күніне бір адамға тариф
(теңге)
1.
Психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған стационар (100 адамға)
20 063
2.
Қарттарға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған стационар
12 973
3.
Үш жастан он сегіз жасқа дейін психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балалардың тұруына арналған
стационар
28 157
4.
Психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған стационар (370 адамға)
12 396
5.
Жартылай стационар:
психоневрологиялық патологиясы бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейін мүгедектігі бар балаларға арналған,
психоневрологиялық аурулары бары 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға арналған
17 276
6.
Тәулік бойы уақытша тұруына (бір жылға дейін) немесе уақытша болуына (тәуліктің түнгі уақытында) арналған
7 196
7.
Тәулік бойы уақытша тұруына (бір жылға дейін) немесе уақытша болуына (тәуліктің түнгі уақытында) арналған (тұрмыстық зорлық-зомбылық)
7 347
8.
Үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған:
психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектігі бар балаларға;
тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға;
психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға
3 507
9.
Үйде қызметтер көрсету жағдайында қарттарға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған
2 719
____________________
Басқа 2. Үкіметтік емес секторға арналған бір айға бір қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тарифі
Астана қаласы әкімдігінің
2025 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 158-5066 қаулысына
2-қосымша
Үкіметтік емес секторға арналған бір айға бір қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тарифі
Р/с
№
Ұйымның түрі
Айына бір адамға тариф, теңгемен
Жартылай стационар
1.
Психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар
279 812
2.
Тірек - қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалар
254 698
3.
I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар
221 783
4.
Психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдар
250 440
Үй жағдайында
1.
Психоневрологиялық аурулары және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балалар және психоневрологиялық аурулары және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдар
89 093
Уақытша болу
1.
Уақытша болу (тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары мен адам саудасының құрбандары үшін)
155 836
Аралас моделі
1.
Он сегіз жасқа толмаған мүгедектігі бар адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің аралас моделі
105 560
________________________