О предоставлении специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сельских округов, села, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Астраханского района подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья на 2026 год Қолданыста
Басқа 0
2026 жылға арналған Астрахан
ауданының ауылдық елді мекендеріне
жұмыс істеуге және тұруға келген
денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік
қамсыздандыру, мәдениет, спорт және
агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
мамандарға, ауылдық округтер, ауыл
әкімдері аппараттарының мемлекеттік
қызметшілеріне, көтерме жәрдемақы
және тұрғын үй сатып алу немесе салу
үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы
Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және аулдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының, 8-тармағына сәйкес, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабының 12-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» бұйрығына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. 2026 жылға арналған Астрахан ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға ауылдық округтер, ауыл әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне ұсынылсын:
Тармақша 1
1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
Тармақша 2
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит:
ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;
ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада айқындалсын.
Тармақ 2
2. Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит, басшылық лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілеріне беріледі.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.