Об утвержении тарифов на оказание специальных социальных услуг 2026 год по Уилскому району Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ойыл ауданы бойынша 2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 142 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ойыл ауданы бойынша 2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ойыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Ойыл ауданы әкімдігінің 2026 жылғы «5» қаңтардағы № 1 қаулысына қосымша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері № Ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет көр­се­те­тін ұй­ым­ның ата­уы Қыз­мет түр­ле­рі Кү­ніне 1 қыз­мет алушы­ның та­ри­фі (тең­ге) 1 2 3 5 1. «Ой­ыл аудан­дық жұ­мыспен қам­ту және әле­умет­тік бағ­дар­ла­ма­лар бө­лі­мі» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі «Ақ­тө­бе об­лы­сы­ның Ой­ыл аудан­дық үй­де әле­умет­тік кө­мек көр­се­ту қыз­ме­ті» ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі Үй­де қыз­мет көр­се­ту­ді ұй­ым­да­сты­ру 9476,77