Об утвержении тарифов на оказание специальных социальных услуг по городу Актобе на 2026 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе қаласы бойынша 2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің 142-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген), Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтері бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Бір қызмет алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер тарифтері
Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2026 жылғы «_6_» __01__ № _1_ қаулысына қосымша Бір қызмет алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер тарифтері № Мекемелердің түрлері Қызмет алушылардың түрлері Күніне бір қызмет алушының тарифі (теңге) Кі­ші тү­рі Қыз­мет алушы­ның жағ­дайы 1 2 3 4 5 1. Жартылай стационар 4 (төрт) са­ғат­тық бо­лу­мен ті­рек-қи­мыл ап­па­ра­ты бұ­зы­л­ған ба­ла­лар Ор­та­ша және ай­қын 9790,68 4 (төрт) са­ғат­тық бо­лу­мен ті­рек-қи­мыл ап­па­ра­ты бұ­зы­л­ған ба­ла­лар Ор­та­ша және ай­қын 8925,99 4 (төрт) са­ғат­тық бо­лу­мен пси­хо­нев­ро­ло­ги­я­лық па­то­ло­ги­я­сы бар ба­ла­лар Ор­та­ша және ай­қын 7392,57 8 (се­гіз) са­ғат­тық бо­лу­мен пси­хо­нев­ро­ло­ги­я­лық па­то­ло­ги­я­сы бар ба­ла­лар Ор­та­ша және ай­қын 17409,20 2. Уақытша болу бел­гі­лі бір тұр­ғы­лық­ты же­рі жоқ 5801,90 тұр­мыстық зор­лық-зомбы­лық құр­ба­ны (КММ) 8309,96 тұр­мыстық зор­лық-зомбы­лық құр­ба­ны (ҮЕҰ) 6860,14 адам са­уда­сы­ның құр­ба­ны 8357,08 3. Үй­де қыз­мет көр­се­ту 1716,34 4. Үй­де қыз­мет көр­се­ту (ҮЕҰ) 2096,0