Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг на 2026 год Қолданыста
Басқа 0
2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер -Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қостанай облысы бойынша Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қарабалық ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер
Қарабалық ауданы әкімдігінің
2025 жылғы «____» ______________
№ _____ қаулысымен
бекітілген
2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер
№
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның атауы
Түрі
Күніне 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңгемен)
1
«Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарабалық ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Үйде
2670,0