Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг на 2026 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге тарифтер бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Есіл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Бір қызметті алушыға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге жан басына шаққандағы тариф
Есіл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 31 желтоқсан № А-12/242 қаулысына қосымша Бір қызметті алушыға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге жан басына шаққандағы тариф № Мекемелердің түрлері Қызмет алушылардың түрлері Күніне 1 қызмет алушының тарифі (теңге) Кіші белгі Қызмет алушының жағдайы 1 Үйде қызмет көрсету 3176,5