Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг по Аккольскому району на 2026 год Қолданыста
Басқа 0
2026 жылға арналған
Ақкөл ауданы бойынша
арнаулы әлеуметтік
қызметтер көрсетуге
тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Премьер – Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртібі бойынша бекітілген бюджеттің аясында қызметтердің уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылауАқкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. 2026 жылға арналған Ақкөл ауданы бойынша бір қызмет алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тарифы
Ақкол ауданы әкімдігінің
2026 жылғы «____» ___________
№ ________ қаулысына
қосымша
2026 жылға арналған Ақкөл ауданы бойынша бір қызмет алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тарифы
№
Мекемелердіңтүрлері
Күніне бір қызмет алушының тарифі
(теңге)
1.
Үйдеқызметкөрсету
3398,9
2
Жартылай стационар психоневрологиялық аурулары бар ересектер және тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар
5523,0