Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг по Каргалинскому району на 2026 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарғалы ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 141, 142 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына, «Арнаулы әлеуметтік қызметкерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қарғалы ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қарғалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде мемелекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе облысы бойынша филиалына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне енгізсін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Қарғалы ауданы әкімінің интернет-ресурсында ресми жарияланғанынан кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Қарғалы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы «31» желтоқсандағы № 220 қаулысына қосымша Қарғалы ауданы бойынша 2026 жылға арналған 1 қызметті алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тарифі № Ме­ке­ме­лер­дің түр­ле­рі Қызмет алушылардың түрлері Күніне 1 қызмет алушының тарифі (теңге) Кі­ші тү­рі Қыз­мет алушы­ның жағ­дайы 1. Үй­де қыз­мет көр­се­ту ұй­ым­да­ры - - 2897,75