Об утвержении тарифов на оказание специальных социальных услуг на 2026 год Қолданыста
Басқа 0
2026 жылға арнаулы
әлеуметтік қызметтер
көрсетуге арналған
тарифтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына, Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген), Теміртау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойған күннен бастап қолданысқа енеді.
Басқа 1. 2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер
Теміртау қаласы әкімдігінің
2026 жылғы «9» қаңтардағы
№ 1/24 қаулысына
қосымша
2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер
№
Ұйымдардың түрлері
Ұйымдардың меншік түрі
Күніне бір қызмет алушының тарифі (теңге)
1
Үйде қызмет көрсету жағдайында (үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету)
Мемлекеттік сектор
1658,01
2
Уақытша болу жағдайында
(уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету)
Теміртау қаласының өмірлік қиын жағдайда әлеуметтік бейімдеу орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мемлекеттік сектор
7679,28
3
Уақытша болу жағдайында
(уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету )
«Теміртау қаласының отбасы орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мемлекеттік сектор
7411,50
4
Стационар жағдайында
(стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету)
Мемлекеттік емес сектор
15 129,83