Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг на 2026 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2026 жылға Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ұзынкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қостанай облысы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұзынкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. 2026 жылға Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтері
Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 12 қаңтардағы № 2 қаулысына қосымша 2026 жылға Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтері № Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның атауы Түрі Айына 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңгемен) Күніне 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңгемен) 1 Ұзынкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ Үйде 54066,93 2457,58 Ескерту: КММ – коммуналдық мемлекеттік мекеме