Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг по Жалагашскому району на 2026 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жалағаш ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жалағаш ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жалағаш ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Жалағаш ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 06 қаңтардағы №5 қаулысына қосымша Жалағаш ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері № Мекемелердің түрлері Күніне бір қызмет алушының тарифі (теңге) 1 Жартылай стационар жағдайында (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін) 8341,28 2 Үйде қызметтер көрсету жағдайында 3532,1