Об утверждении государственного образовательного заказа на дополнительное образование детей в пределах объемов бюджетных средств по Павлодарской области на 2026 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2026 жылға Павлодар облысы бойынша бюджет қаражаты көлемінің шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-4) тармақшасына және 62-бабының 6-2-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылға Павлодар облысы бойынша бюджет қаражаты көлемінің шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте: осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Павлодар облысы бойынша 2026 жылға арналған бюджет қаражатының көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы «___» ______ № _______ қаулысына қосымша Павлодар облысы бойынша 2026 жылға арналған бюджет қаражатының көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы № Қосымша білім беру бағыттарының түрлері Білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілер саны Айына бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны, теңге 1 Ғылыми-техникалық 459 13016 2 Туризм және өлкетану 407 13016 3 Экологиялық-биологиялық 405 13016 4 Көркемдік-эстетикалық 524 13016 5 Әлеуметтік-педагогикалық 542 13016 6 Гуманитарлық 518 13016 7 Жаратылыстану-математикалық 475 13016 Барлығы: 3330