Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг по Сырдарьинскому району на 2026 год Қолданыста
Басқа 0
Сырдария ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Сырдария ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Сырдария ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Сырдария ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Сырдария ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 31 желтоқсан
№ 278 қаулысына қосымша
Сырдария ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері
№
Мекемелердің түрлері
Күніне бір қызмет алушының тарифі
(теңге)
1
Жартылай стационар жағдайында(18 жасқа толмаған тұлғалар үшін)
10960,67
2
Үйде қызметтер көрсету
жағдайында
3465,78