Об предоставлении мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Бескарагайского района на 2026 год Қолданыста
Басқа 0
2026 жылға Бесқарағай ауданының ауылдық
елдi мекендеріне жұмыс iстеуге және тұруға
келген денсаулық сақтау, бiлiм беру,
әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет,
спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер
әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне
әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 8, 9 тармақтарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы «Ауылдық ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» №72 бұйрығына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 56-бабының 12-тармағына сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2026 жылы Бесқарағай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне ("Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне, ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын, басшы лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады) келесі әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын:
Тармақша 1
1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
Тармақша 2
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит:
ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;
ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.