Об утверждении тарифа на оказание специальных социальных услуг в негосударственном секторе на 2026 год Қолданыста
Басқа 0
2026 жылға арналған мемлекеттік емес секторда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифті бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 142-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген «Арнаулы әлеуметтік қызметтердің тарифтерін қалыптастыру ережелері мен әдістемесіне» сәйкес, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылға арналған мемлекеттік емес секторда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тариф бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келесі шараларды қамтамасыз ету тапсырылсын:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны – «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтына» ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдау;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Железин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Железин ауданы әкімінің бағыттаушы орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 7. 2026 жылға арналған Железин ауданы бойынша мемлекеттік емес секторда
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тариф
Железин ауданы әкімдігінің
қаулысына қосымша
«9» қаңтары 2026 жыл № 2/1
2026 жылға арналған Железин ауданы бойынша мемлекеттік емес секторда
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тариф
№
Атауы
1 көрсетілетін қызметті алушыға ай сайынғы тарифтің мөлшері (теңге)
1.
Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
69495