Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг на 2026 год Қолданыста
Басқа 0
2026 жылға арнаулы әлеуметтік
қызметтер көрсетуге
арналған тарифтерді
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережелері мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес, Көкшетау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Көкшетау қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 05 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Басқа 1. 2026 жылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді бір қызмет алушыға
көрсетуге арналған тарифтер
Көкшетау қаласы әкімдігінің
2026 жылғы «____» ___________
№ ________ қаулысына
қосымша
2026 жылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді бір қызмет алушыға
көрсетуге арналған тарифтер
№
Мекемелердің түрлері
Күніне бір қызмет алушының тарифі, теңге
1.
Уақытша тұру жағдайында (Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары)
7579 теңге 63 тиын