Об утверждении тарифов на специальные социальные услуги в негосударственном секторе на 2026 год Қолданыста
Басқа 0
2026 жылға арналған мемлекеттік емес сектордағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 142 бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылға арналған мемлекеттік емес сектордағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтер бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік емес сектордағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге арналған тарифтер
Алматы қаласы әкімдігінің
2026 жылғы «___» __________
№ ___ қаулысымен бекітілген
Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік емес сектордағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге арналған тарифтер
№
Атауы
1 қызмет алушыға ай сайынғы тарифтердің мөлшері (теңге)
1.
Психикалық-неврологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балаларға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
325 483
2.
Тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
315 266
3.
I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету
255 947
4.
Он сегіз жастан асқан психикалық-неврологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
259 104
5.
Қартаюына байланысты өзін-өзі күте алмайтын адамдарға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
255 947
6.
Он сегіз жастан асқан психикалық-неврологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарға стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
454 657
7.
Адам саудасының құрбандарына уақытша болу орындарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
155 836
8.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына уақытша болу орындарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
155 836