Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг по Аральскому району на 2026 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2026 жылға Арал ауданы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексінің 142-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген) сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 4 желтоқсандағы № 198-қ (2025 жылғы 18 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Арал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шаралар қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Арал ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6
Арал ауданы әкімдігінің 2026 жылғы « 26 » қаңтардағы № 3-қ қаулысына қосымша 1 қызметті алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тариф № Мекемелердің түрлері Қызмет алушылардың түрлері Күніне 1 қызмет алушының тарифі (теңге) Кіші белгі 1 2 3 4 1 Үйде қызмет көрсету Мүгедектігі бар және егде жастағы ересек адамдар 3792,22 Психоневрологиялық аурулары бар ересектер Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар Психоневрологиялық патологиясы бар балалар 2 Жартылай стационар 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиясы бар балалар 10273,69 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар 12239,24