Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг в условиях обслуживания на дому на 2026 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2026 жылға үйден қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII Әлеуметтік кодексінің 142 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31- бабының 14-тармағына сәйкес, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығы, Абай облысының әкімдігінің 2025 жылғы 2 қыркүйектегі «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы» № 155 қаулысы негізінде сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылға арналған үйден қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі осы қаулыдан туындайтын шаралардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Б. Сапоровқа жүктелсін.
Басқа 4
Бородулиха ауданы әкімдігінің 2026 жылғы «16» қантардағы №__9____ қаулысына қосымша № Қызметтер алушылар Күніне 1 қызмет алушының тарифі (теңге) 1 Үйден қызмет алатын мүгедектігі бар адамдар және егде жастағы жалғыз басты қарттар 3740,0 2 Үйден қызмет алатын психоневрологиялық ауытқулары бар енбекке жастағы қабілетті адамдар 3740,0 3 Үйден қызмет алатын мүгедектігі (I,II топ) бар балалар 3740,0