Об утверждении тарифов на предоставление специальных социальных услуг на 2026 год Қолданыста
Басқа 0
2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік
қызметтерді көрсету тарифтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексінің 142-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелді) Нұра ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Нұра ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тарифтері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұра ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Нұра ауданы бойынша 2026 жылға арналған
арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету
тарифтері
Нұра ауданы әкімдігінің
2026 жылғы «27» қаңтардағы
№ 05/02 қаулысына
қосымша
Нұра ауданы бойынша 2026 жылға арналған
арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету
тарифтері
№
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның атауы
Қызметтің атауы
Айына 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңгемен)
Күніне 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңгемен)
«Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
70509,16
3439,47