Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев на 2026 год по Карабалыкскому району Қолданыста
Басқа 0
Қарабалық ауданы бойынша 2026 жылға шетелдіктер үшін туристік алым мөлшерлемелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 «Шетелдіктер үшін туристік алымды төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) сәйкес, Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қарабалық ауданында туристерді орналастыру орындарында хостелдерді, қонақ үйлерді, жалға берілетін тұрғын үйді қоспағанда 2026 жылға шетелдіктер үшін туристік алым мөлшерлемелері тұру құны 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.