Об утверждении тарифов на предоставление специальных социальных услуг на 2026 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексінің 142-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелді), Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге тарифтер
Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2026 жылғы «28» қаңтардағы № 15 қаулысы қосымша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге тарифтер № Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның атауы Қызметтің атауы Айына 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңгемен) Күніне 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңгемен) 1 «Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету 99498,09 4853