Об утверждении тарифов на предоставление специальных социальных услуг на дому на 2026 год Қолданыста
Басқа 0
2026 жылға үйде
арнаулы әлеуметтік
қызметтерді көрсету
тарифтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексінің 142-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелді), ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылға үйде арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тарифтері бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдау;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаарқа ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. 2026 жылға үйде
арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге
тарифтер
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің
2026 жылғы «29» қантардағы
№ _08/02_ қаулысына
қосымша
2026 жылға үйде
арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге
тарифтер
№
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның атауы
Қызметтің атауы
Айына 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңгемен)
Күніне 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңгемен)
1
«Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
83947,68
3997,51