Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг в государственных и негосударственных секторах по Иртышскому району на 2026 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ертіс ауданы бойынша 2026 жылға арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 19, 142-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» № 281 бұйрығына сәйкес, Ертіс аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының 1, 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін осы қаулыны жолдау;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Ертіс ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғанынан кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ертіс ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік сектор өкілдерінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуіне тарифтер
Ертіс ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 23 қаңтардағы № 8/1 қаулысына 1 қосымша Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік сектор өкілдерінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуіне тарифтер № Атауы 1 Алушының қызметіне ай сайынғы тарифтердің мөлшері (теңге) 1 Үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету 67226
Басқа 8. Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік емес сектор өкілдерінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуіне тарифтер
Ертіс ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 23 қаңтардағы № 8/1 қаулысына 2 қосымша Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік емес сектор өкілдерінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуіне тарифтер № Атауы 1 Алушының қызметіне ай сайынғы тарифтердің мөлшері (теңге) 1 Үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету 35944,44