Об утверждении тарифов на специальные социальные услуги в негосударственном секторе на 2026 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2026 жылға арналған мемлекеттік емес секторда арнаулы әлеуметтік қызметтердің тарифтерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 142-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген «Арнаулы әлеуметтік қызметтердің тарифтерін қалыптастыру ережелері мен әдістемесіне» сәйкес Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2026 жылға арналған мемлекеттік емес секторда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінеҚазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келесі шараларды қамтамасыз ету тапсырылсын:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны – «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтына» ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдау;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шарбақты ауданы әкімдігініңинтернет-ресурсында орналастырылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шарбақты ауданы әкімінің жетекшілік ететінорынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 7. Шарбақты ауданы бойынша2026 жылға арналған мемлекеттік емес секторда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифі
Шарбақты ауданы әкімдігінің 2026 жылғы «27» қаңтар № 20/1 қаулысына қосымша Шарбақты ауданы бойынша2026 жылға арналған мемлекеттік емес секторда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифі № Қыз­ме­та­лушы­ға­көр­се­ті­ле­тін 1 қыз­мет­тің ай сай­ын­ғы­та­ри­фі (тең­ге) 1. Үй­де­кү­тім­көр­се­ту­жағ­дай­ын­да­ар­на­улы­әле­умет­тікқыз­мет­тер­көр­се­ту 77061