Об утверждении тарифов на предоставление специальных социальных услуг на 2026 год Қолданыста
Басқа 0
2026 жылға арналған арнаулы
әлеуметтік қызметтерді көрсетуге
тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексінің 142-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелді), Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Ұ.А. Алмасқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге
2026 жылға арналған
тарифтер
Приозерск қаласы әкімдігінің
2025 жылғы «25» желтоқсан
№ 70/259 «2026 жылға арналған
арнаулы әлеуметтік қызметтерді
көрсетуге тарифтерді бекіту туралы»
қаулысына қосымша
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге
2026 жылға арналған
тарифтер
№
Мекеме атауы
Қызмет атауы
Айына 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңгемен)
Күніне 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңгемен)
1
«Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
77868,00
3708,00