Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг на 2026 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, сондай-ақ «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген) сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2026 жылға арналған бір қызмет алушыға шаққандағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің жан басына шаққандағы тарифі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдануын;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Басқа 7. 2026 жылға арналған бір қызмет алушыға шаққандағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің жан басына шаққандағы тарифі
Жамбыл облысы әкімдігінің 2026 жылғы «13 » 01 № 2 қаулысына қосымша 2026 жылға арналған бір қызмет алушыға шаққандағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің жан басына шаққандағы тарифі № Мекемелердің түрлері Қызмет алушылардың санаттары Тариф (бір қызмет алушыға күніне, теңгемен) 1. Стационарлық үлгідегі ұйымдар Мүгедектігі бар ересектер және егде жастағы азаматтар Қала 13401 Ауыл 19917 Психоневрологиялық патологиясы бар ересек адамдар Қала 11057 Ауыл 13047 Психоневрологиялық патологиясы бар балалар Қала 27386 Ауыл - 2. Жартылай стационарлық үлгідегі мемлекеттік ұйымдар Мүгедектігі бар ересектер мен егде жастағы азаматтар Қала 20746 Ауыл - Психоневрологиялық патологиялары бар балалар Қала 16248 Ауыл 26339 3. Жартылай стационарлық мемлекеттік емес ұйымдар Психоневрологиялық патологиялары бар балалар Қала 12689 Ауыл 13567 4. Уақытша болу ұйымдары (тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары) Қала 12066 Ауыл 14375 5. Уақытша болу ұйымдары (адам саудасының құрбандары) Қала 9324 Ауыл -