Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг на 2026 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген) сәйкес Жамбыл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Мақпал Сатыбалдықызы Досымбековаға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін енгізіледі.
Басқа 7
Жамбыл ауданы әкімдігінің 2026 жылғы «___» қаңтардағы № ______қаулысына қосымша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер № Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекеменің атауы Қызмет түрлері Бір қызмет алушыға шаққандағы күндік тариф (теңгемен) 1. Үкіметтік емес ұйымдар үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету 2613