Об утверждении тарифов на предоставление специальных социальных услуг на 2026 год Қолданыста
Басқа 0
2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 142-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Ақсу қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.А. Негмановаға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер
Қосымша
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер
№
Атауы
Күніне бір қызмет алушыға арналған тариф,
теңге
1
Жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
10084,22
2
Уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
2.1
белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға
5125,39
2.2
тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына
6711,26
3
Үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету
3.1
мемлекеттік секторда
2500,35
3.2
мемлекеттік емес секторда
2325,76