Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг по Денисовскому района на 2026 год Қолданыста
Басқа 0
2026 жылға арналған Денисов ауданы бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге тарифтерді бекіту туралы
«Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген), Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тариф осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жумыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегіэлектрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнімен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер
Денисов ауданы әкімдігінің
2026 жылғы 4 ақпандағы
№ 19 қаулысына
қосымша
2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер
№
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның атауы
Түрі
Айына 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңгемен)
Күніне 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңгемен)
1
«Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі әлеуметтік көмек орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
үйде қызмет көрсетуді ұйымдастыру
52 379,71
2 555,11