Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг на 2026 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің 142-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген), Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтері бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Д.С. Жиенбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге тарифтерді бекіту туралы
Қарағанды қаласының әкімдігінің 2026 жылғы «03» ақпан № 06/11 қаулысына қосымша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге тарифтерді бекіту туралы № Мекемелердің түрлері Қызмет алушылардың түрлері Күніне бір қызмет алушының тарифі (теңге) Кіші белгі Қызмет алушының жағдайы 1 2 3 4 5 1. Үйде қызмет көрсету "Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі" КММ 2526 2. "Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі" КММ 2426 3. Уақытша болу белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 9398