Об утверждении тарифов на специальные социальные услуги в негосударственном секторе на 2026 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Түлкібас ауданы әкімдігінің 2026 жылға арналған мемлекеттік емес секторда арнаулы әлеуметтік қызметтердің тарифтерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 142-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген «Арнаулы әлеуметтік қызметтердің тарифтерін қалыптастыру ережелері мен әдістемесіне» сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2026 жылға арналған мемлекеттік емес секторда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау «Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»-не жетекшілік ететін Түлкібас аудан әкiмінің орынбасарына жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
Басқа 7. Түлкібас ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік емес секторда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетушілерге арналған тарифтері
Түлкібас ауданы әкімдігінің 2026 жылғы «___» _______ № ___ қаулысына қосымша Түлкібас ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік емес секторда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетушілерге арналған тарифтері Көрсетілетін қызметті беруші шарттарда қызмет көрсетеді:
Тармақ 1
1. Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
Тармақ 2
2. Балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша іс-шараларды өткізу;
Тармақ 3
3. Он сегіз жастан асқан тұлғаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. № Атауы Қызмет алушыға көрсетілетін 1 қызметтің ай сайынғы тарифі (теңге) 1. Психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балаларға үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (1,5 жастан 18 жасқа дейін) 69 804,45 ₸ 2. Тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға үйде күтім жасау жағдайында әлеуметтік қызметтер көрсету (1,5 жастан 18 жасқа дейін) 69 804,45 ₸ 3. Он сегіз жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедек адамдарға үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету 69 804,45 ₸