Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг на 2026 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 142-бабына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес, Ескелді аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Ескелді аудан әкімдігінің қаулысына қосымша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер № Мекеме түрлері Қызмет алушылардың түрлері Күніне 1 қызмет алушыға арналған тариф, (теңге) 1 Үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету 1) психоневрологиялық ауытқулары бар үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар; 2) тірек-қимыл аппараты бұзылған үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар; 3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдар; 4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар; 5) егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдар. 3409