Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг на 2026 год Қолданыста
Басқа 0
2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету тарифтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 142-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №281 «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №32987 тіркелген), Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сайрам ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету тарифтері
Сайрам ауданы әкімдігінің
2026 жыл 16 ақпандағы
№190 қаулысына қосымша
Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету тарифтері
№
Атауы
Қызмет алушыға көрсетілетін 1 қызметтің ай сайынғы тарифі (тенге)
1
Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, жасы ұлғайғандықтан өзін-өзі күтуге қабілетсіз адамдар)
66 620,25
2
Мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (психоневрологиялық ауытқулары бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар)
66 620,25