Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг на 2026 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес, Сарқан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Байгунысовқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Аудан әкімдігінің 2026 жылғы «____» ____________ №____ қаулысына қосымша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер № Ме­ке­ме түр­ле­рі Қыз­мет алушы­лар­дың түр­ле­рі Кү­ніне 1 қыз­мет алушы­ға ар­нал­ған та­риф, (тең­ге) 1 Үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету 1) психоневрологиялық ауытқулары бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар; 2) тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар; 3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдар. 4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар; 5) егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдар. 3033 теңге