Об утверждении государственного образовательного заказа на специальную психолого-педагогическую поддержку детей с ограниченными возможностями на 2026 год Қолданыста
Басқа 0
2026 жылға мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға
мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 6-бабы 2 - тармағының 8-5) тармақшасына, «Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №532 бұйрығына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес бюджет қаражатының көлемдері шегінде Жетісу облысының 2026 жылға мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Жетісу облысы әкімдігінің
2026 жылғы «___» ________
№_____ қаулысына қосымша
Бюджет қаражатының көлемдері шегінде Жетісу облысының 2026 жылға мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Білім алушылар және (немесе) тәрбиеленушілер саны
Бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (1 сағат, теңге)
300
7414