Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг по Успенскому району на 2026 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Успен ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнайы әлеуметтік қызметтер тарифтерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» № 281 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген) бұйрығына сәйкес,Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкесУспен ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнайы әлеуметтік қызметтер тарифтерін бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Успен ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Успен ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнайы әлеуметтік қызметтер тарифтері
Успен ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 11 ақпандағы № 14/2 қаулысына қосымша Успен ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнайы әлеуметтік қызметтер тарифтері № Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның атауы Атауы Күніне бір қызмет алушының тарифі (теңге) Айына бір қызмет алушының тарифі (теңге) 1. Успен ауданының жұмыспен қамту және алеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде алеуметтік қызмет көрсету отралығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету 2882,3 63411,37