О компенсации расходов за питание на 2026 год отдельным категориям воспитанников дошкольных организаций Жамбылской области Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жамбыл облысының мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына 2026 жылға арналған тамақтандыру шығыстарын өтеу туралы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жамбыл облысындағы мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда және мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда 2026 жылға арналған тамақтандыру шығыстары толық көлемде және мөлшерде тәрбиеленушілердің келесі санаттарына өтелсін:
Тармақша 1
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға;
Тармақша 2
2) көп балалы отбасылардан шыққан мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға;
Тармақша 3
3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
Тармақша 4
4) даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға, мүгедектігі бар адамдарға және бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға.
Тармақ 2
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады. Жобаны ұсынушы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Н. Оршубеков