Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг на 2026 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес, Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Ермуханбетовке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Ақсу ауданының әкімдігінің 2026 жылғы «_____»__________ №______ қаулысына қосымша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер № Мекеме түрлері Қызмет алушылардың түрлері Күніне 1 қызмет алушыға арналған тариф, (теңге) 1. Үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету 1) психоневрологиялық ауытқулары бар 1,5 жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар; 2) тірек-қимыл аппараты бұзылған 1,5 жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар; 3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдар; 4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар; 5) егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдар. 2979,0