Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг на 2026 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің әлеуметтік салаға жетекшілік ететін орынбасары С. Құрманбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Текелі қаласы әкімдігінің қаулысына қосымша «____» ____________ 2026 ж. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер № Мекеме түрлері Қызмет алушылардың түрлері Күніне бір көрсетілетін қызметті алушыға арналған тариф, теңгемен 1 Үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету 1)психоневрологиялық ауытқулары бар үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар; 2) тірек-қимыл аппараты бұзылған үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар; 3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдар; 4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар; 5) егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдар. 2183