Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг на 2026 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің» 142-бабына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесі бекіту туралы» 2023 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің №281 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ж.С.Андабековке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Талдықорған қаласы әкімдігінің қаулысына қосымша «_____» _____________«2026ж 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер № Мекеме түрлері Қызмет алушылардың түрлері Күніне бір көрсетілетін қызметті алушыға арналған тариф, теңгемен 1 Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету 1) психоневрологиялық ауытқулары бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар; 2) тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар; 3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдар; 4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар тұлғалар; 5) егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ тұлғалар. 2462 Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету 1) тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары 2) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) пробация қызметінде есепте тұрған адамдар. 11243