О распределении стипендии Президента Республики Казахстан между министерствами на 2026 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылға арналған стипендиясын министрліктер арасында бөлу туралы «Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылға арналған стипендиясын министрліктер арасында бөлу бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылға арналған стипендиясын министрліктер арасында бөлу
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы «___» _________ №______ бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылға арналған стипендиясын министрліктер арасында бөлу № Мем­ле­кет­тік ор­ган Сти­пен­дия Сту­дент­тер Ма­ги­странт­тар 1. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ғы­лым және жо­ға­ры бі­лім ми­ни­стр­лі­гі 1036 5 2. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мә­ди­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі 15 1 3. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гі 2 0 4. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гі 27 2 Бар­лы­ғы 1080 8