О предоставлении в 2026 году подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов сельских округов, прибывших для работы и проживания в сельские населенные пункты Тайыншинского района Северо-Казахстанской области Қолданыста
Басқа 0
2026 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының
ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8, 9 – тармақтарына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағиджаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелген) сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. 2026 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көрсетілсін:
Тармақша 1
1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
Тармақша 2
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – екі мың еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 1-тармағының күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына да қолданылады.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.