Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг в городе Косшы на 2026 год Қолданыста
Басқа 0
Қосшы қаласында 2026 жылға
aрналған арнаулы әлеуметтік
қызметтер көрсетуге арналған
тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Арнаулы әлеуметтік Қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (тіркелген № 32987 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде) сәйкес, Қосшы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қосшы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде көрсетілетін қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Б.Жұмкейге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. 1 қызметті алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тариф
Қосшы қаласы әкімдігінің
2025 жылғы «____» _______
№ ________ қаулысына
қосымша
1 қызметті алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тариф
№
Мекемелердің түрлері
Қызмет алушылардың түрлері
Күніне 1 қызмет алушының тарифі
(теңге)
Кіші белгі
1
2
3
4
1.
Жартылайстационар
Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар
23 001,17
Психоневрологиялық патологиясы бар балалар
23 001,17
2.
Уақытша болу
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны
8283,77
4.
Үйде қызмет көрсету
2242,55