Об утверждении тарифов на специальные социальные услуги на 2026 год Қолданыста
Басқа 0
2026 жылға арнаулы
әлеуметтік қызметтердің
тарифтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 142 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтердің тарифтері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Арыс қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы М.Дарменов, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Арыс қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Сұлтановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 7. Арыс қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетушілерге арналған тарифтері
Арыс қаласы әкімдігінің
2026 жылғы «_18_» ақпандағы_
№_73_ қаулысына қосымша
Арыс қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетушілерге арналған тарифтері
Көрсетілетін қызметті беруші келесі шарттарда қызмет көрсетеді:
Тармақша 1
1) психоневрологиялық ауытқулары бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;
Тармақша 2
2) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға;
Тармақша 3
3) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
Тармақша 4
4) егде жасына байланысты өзіне қызметтер көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
№
Атауы
Қызмет алушыға көрсетілетін 1 қызметтің ай сайынғы тарифі (теңге)
1
Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, жасы ұлғайғандықтан өзін-өзі күтуге қабілетсіз адамдар)
54 554,93
2
Мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
(психоневрологиялық ауытқулары бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар)
54 554,93