Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидий на субсидирование развития производства приоритетных культур на 2026 год Қолданыста
Басқа 0
2026 жылға басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) 2026 жылға басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
Тармақша 2
2) 2026 жылға басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған субсидиялар нормалары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Жамбыл облысы бойынша Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының филиалына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жобаны ұсынушы:
Жамбыл облысы әкімдігінің
ауыл шаруашылығы
басқармасының басшысы Ә. Желеубаев
Басқа 9. 2026 жылға басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тізбесі
1-қосымша
2026 жылға басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған басым дақылдар тізбесі
№
Басым дақылдар атауы
1
Қант қызылшасы
2
Дәндік жүгері
3
Майлы дақылдар:
-
оның ішінде күнбағыс
-
оның ішінде мақсары
4
Өнеркәсіптік жылыжайдағы көкөністер
5
Фермерлік жылыжайдағы көкөністер
Басқа 10. 2026 жылға басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған субсидиялар нормалары
2-қосымша
2026 жылға басым дақылдар өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған субсидиялар нормалары
№
Басым дақылдар атауы
Өлшем бірлігі
тонна, гектар
Субсидия нормасы, теңге
1
Қант қызылшасы
тонна
25 000
2
Дәндік жүгері
тонна
20 000
3
Майлы дақылдар:
тонна
20 000
-
оның ішінде күнбағыс
тонна
20 000
-
оның ішінде мақсары
тонна
20 000
4
Өнеркәсіптік жылыжайдағы көкөністер
гектар
5 000 000
5
Фермерлік жылыжайдағы көкөністер
гектар
3 000 000