О предоставлении в 2026 году подъемного пособия и бюджетного кредита на приобретение или строительство жилья специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов поселка и сельских округов прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Сарыагашского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сарыағаш ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кент, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 8-тармағына, «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына сәйкес Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Сарыағаш ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кент, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерін (басшы лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда) қажеттілікті ескере отырып, 2026 жылға арналған аудан бюджетінде қарастырылған сома көлемінде келесі әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілсін:
Тармақша 1
1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
Тармақша 2
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.